Футзалдан «Қайрат» құрамасы чемпиондыққа біртабан жақын. Алматылық клуб ел біріншілігінің ақтық кезеңінде Рудныйлық «Аятты» өз алаңында 2 мәрте ұтып, шешуші 3-ойынға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Қайраттың» осы маусымдағы аяқ алысы жаман емес. Жерлестеріміз матч басталысымен басымдықты өз қолдарына алып, қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті соққы бағыттады. Жүйелі тактиканың арқасында Эдсон алғаш болып есеп ашып, ойын соңына дейін хет-трик авторы атанды. Диего Фабэро дубль жасаса, Альберт Ақбалықов пен Дәурен Тұрсағұлов 1 голдан соқты.
Аталмыш ойынды тамашалауға жанкүйерлер көп жиналған. Олар өз құрамаларымен соңына дейін бірге болып, қолдау білдірді.
«Мен кішкентай кезімнен футболмен айналысамын. Сүйікті ойыншым – Нарын Серіков. Ол – жақсы қақпашы. Ал Оразов мықты шабуылшы және ол ешқашан берілмейді», – деді жанкүйер Мансұр Нұрғалиев.
«Мен футболды жақсы көремін. Ең сүйікті футболшым – Лео Игита. Одан көп үлгі алып, мықты футболшы болғым келеді», – деді жанкүйер Әлихан Бақытжанұлы.
Осылайша екінші матч «Қайраттың» пайдасына шешілді. Қорытынды есеп 7:2. Алғашқы ойында да алматылық клуб 4:2 есебімен «Аяттан» басым түскен болатын. Ендігі мақсат ел біріншілігінде топ жарып, чемпиондар лигасында үздік өнер көрсету.
«Қайрат мықты болды. Біз осы ойынға жақсылап дайындалдық. Бізді қолдап келген жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Енді чемпиондар лигасына қазірден дайындық жақсы жүріп жатыр», – деді «Қайрат» ФК ойыншысы Біржан Оразов.
Айта кетейік, Қайраттың шешуші 3-ойыны 5 мамырда Рудныйда өтеді. Жеңген жағдайда Қазақстан чемпионатында қатарынан 19-рет топ жарады.
Мерей Қанапиянов, Сағындық Нарықов, «Алматы» телеарнасы
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!