Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы алтынын жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
48 келіде жұдырықтасқан Теміртас Жүсіпов финалда таиландық Вуттичай Юрачайды 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, өзінің әлемдегі мықтылығын дәлелдеді.
Жекпе-жек толығымен қазақстандық спортшының басымдығымен өтті. Теміртас салқынқандылығынан танбай, таиландтық боксшыға артық соққы жұмсатпай, үш раундты да бір деммен өткізді.
Айта кетелік, Теміртас Жүсіпов бұған дейін әлем чемпионаттарында жүлде алмаған. Ол Азия чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионы және Қазақстанның бес дүркін чемпионы.
Теміртас әлем чемпионы атағын 33 жасында жеңіп алып отыр.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!