Александр Винокуров түрмеге қамалуы мүмкін

РИА Новости
РИА Новости
Льеж сотының үкімі 8 қазанда жарияланады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық спортшының басы дауға қалды. Олимпиада чемпионы  Александр  Винокуров  6 айға түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бельгия прокуратурасы бұрынғы кәсіпқой қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневті жемқорлыққа қатысы бар деп танып, 6 айға бас бостандығынан айыруды талап еткен. Сонымен қатар  Винокуровқа 100 мың еуро, Колобневке  50 мың еуро айыппұл салып,  ресейлік банктік шоттан алынған 150 мың еуроны тәркілеуді талап етті.

«Астана» командасының спортшысы Винокуров пен «Катюша» командасынан Колобнева 2010 жылдың сәуірінде Льеж - Бастогне - Льеж веложарысы кезінде жемқорлыққа жол берді деп күдікке ілінген.  Олардың пайымдауынша, Винокуровты  ресейліктер жарыстың соңында алға өтізіп жіберу үшін оларға 150 000 евро төледі деп санайды. Дәлел ретінде 2010 жылдың шілде-желтоқсанындағы спортшылардың хат-хабарлары мен 100 мың және 50 мың еуро көлеміндегі ақша аударымдары ұсынылған. Ал спортшылардың адвокаттары сыбайлас жемқорлық туралы айыптарды банкроттық деп атағандықтан, олардың клиенттері ақталуын талап етті. Льеж сотының үкімі  8 қазанда жарияланбақ.

Новости партнеров