"Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридпен" болатын матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қайрат" пен "Реал Мадрид" клубтары 30 қыркүйекте Алматы қаласындағы Орталық стадионында ойнайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Қайрат" футбол клубы «Реал Мадридпен» матч билеттеріне қатысты әлеуметтік желілерде таралып жатқан ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан «Қайрат» — «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат — шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама.

Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.

Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз», - делінген футбол клубының ресми таратқан хабарламасында.

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Реал Мадрид" клубтары 30 қыркүйекте Алматы қаласындағы Орталық стадионында ойнайды. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те басталады.

Оқи отырыңыз: "Реал" клубының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Новости партнеров