Александр Бублик US Open турнирін жеңіспен бастады

Depositphotos
Depositphotos

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик теннис бойынша АҚШ ашық чемпионатының (US Open) екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бастапқы кездесуде отандық спортшы америкалық Джей-Джей Вулфты 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен ұтты. Алғашқы екі сетте басым түскен Бублик үшінші партияда қарсыласқа жол бергенімен, төртінші сетте қарсыласына тек бір гейм беріп, сенімді жеңіске жетті. Ойын 2 сағат 11 минутқа созылды.

Үшінші айналымға шығу үшін Александр Бублик аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте мен Франция өкілі Адриан Маннарино арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Олардың бәсекесі жаңбырға байланысты бесінші сетте тоқтатылған болатын.

Жарыстың алғашқы күніндегі басты сенсация — US Open турнирінің төрт дүркін чемпионы Новак Джоковичтің жарыс жолынан шығуы болды. Сербиялық теннисші аргентиналық Мариано Навонеге (әлемнің 49-шы ракеткасы) 6:7, 7:5, 6:4, 2:6, 1:6 есебімен есе жіберді. 4 сағат 36 минутқа созылған матч барысында Джокович денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл бәсеке серб спортшысы үшін 2006 жылдан бергі "Үлкен дулыға" турнирлеріндегі ең ерте жеңілісі болды.