Алматыда мерекелік спорт фестивалі аясында футзалдан жарыс өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Республика күніне орай футзалдан күзгі турнир өтті. Спорттық додаға жоғары оқу орындарының студенттерінен жасақталған 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойын барысында қатысушылар допты меңгеру, дәл пас беру және шабуыл ұйымдастыру шеберліктерін байқатты. Әр команда жеңіске жету үшін бар күштерін салып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Доп додасын ұйымдастырудағы басты мақсат - бұқаралық спортты дамыту. Салауатты өмір салтын және командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайту, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бір айта кетерлігі спорт фестивалі тек футзалдан өтпейді. Бізде футболдан бөлек қазақша күрес, үстел теннисі тағы басқа спорт түрлерінен де жарыстар қатар өтіп жатыр. Барлығы Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр", - деді Алматы футбол федерациясының бас хатшысы Ерлан Адамбеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне орай үстел теннисінен турнир өтті