Алматыда тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир өтті

Іс-шараға 150-ге жуық спортшы қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тоғызқұмалақтан қалалық ашық турнир өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға 150-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау мақсатында өткен жарыс рапид форматында болды. 5 турдан тұратын дода барысында қорытынды ұпай төрешілер алқасының шешімімен әр кезең сайын бекітіліп отырды.

Ең көп ұпай жинап жеңіске жеткен спортшылар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мамандар кейінгі жылдары елімізде жастардың тоғызқұмалаққа қызығушылығы күрт артқанын айтады.

"Әр сенбі-жексенбі күндері жарыстар өткіземіз. Аудандық жарыстардың өзіне 40-50 баладан қатысады. Қалалық жарыстарда бұл көрсеткіш 150-ге жетеді. Тоғызқұмалақтың қазіргі шарықтау кезеңі деп ойлаймын, – деді төреші Шыңғыс Мамаев.

Оқи отырыңыз: Сарыағашта жаңғыртылған орталық стадион қолданысқа берілді