Алматыда жасөспірімдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарыс боксшылардың халықаралық деңгейдегі ірi старттарға дайындығындағы маңызды кезең болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

4–9 желтоқсан аралығында Алматының ADD аренасында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Турнирге аймақтық іріктеу жарыстарында топ жарған, Қазақстанның ең үздік жас боксшылары қатысып, чемпион атағы мен жасөспірімдер ұлттық құрамасына іріктеу жолдамасын сарапқа салды.

Жарыс боксшылардың халықаралық деңгейдегі ірi старттарға дайындығындағы маңызды кезең болды.

Чемпионат қорытындысы бойынша 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Барлық салмақ бойынша жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысы бірінші орын алды. Команда 7 медаль жеңіп алды: 4 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Екінші орын Шымкент командасына бұйырды — 6 медаль (3 алтын, 2 күміс, 1 қола).

Үздік үштікті Алматы қаласының құрамасы түйіндеді. Команда тұрақты нәтиже көрсетіп, 9 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 2 күміс және 5 қола.

Оқи отырыңыз: 12 желтоқсанда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Новости партнеров