Қатысушылар жүгіру, секіру, спорттық жүріс және эстафета түрлері бойынша бақ сынады
Ташкент қаласында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
14–17 мамыр аралығында өткен халықаралық турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның үздік жас жеңіл атлеттері қатысты. Қатысушылар жүгіру, секіру, спорттық жүріс және эстафета түрлері бойынша бақ сынады.
Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 12 медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
Күміс жүлдегерлер:
Бірнеше алтын медаль жеңіп алып, чемпионаттың ең нәтижелі спортшыларының біріне айналған Маргарита Косинованың өнерін ерекше атап өткен жөн.
Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл турнир жас жеңіл атлеттерді алдағы халықаралық жарыстарға дайындауда маңызды кезең болды және өңірдің болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларын анықтауға мүмкіндік берді.
Оқи отырыңыз: Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионаты аяқталды