Азия жағажай ойындары: Қазақстан командасы жеңіске жетті

23.04.2026 12:18

Бүгін жағажай волейболынан әйелдер командалары топтық кезеңді бастады

Аlmaty.tv

Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Бүгін жағажай волейболынан әйелдер командалары топтық кезеңді бастады.

Қазақстан-1 командасы (Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко) Өзбекстан жұбын жеңді. Есеп: 2-0.

Сонымен қатар ерлер арасында Қазақстан-1 жұбы бүгін 2-турда Шри-Ланкамен шеберлік байқасады.

Оқи отырыңыз: Логистикадағы цифрлық серпіліс: Транскаспий бағыты қалай өзгереді