Азия чемпионаты: ерлер арасында он боксшымыз шаршы алаңға шығады

08.12.2024 15:18

Бүгін жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді

instagram.com/boxingkazakhstan

8 желтоқсанда Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының он өкілі шаршы алаңға шығады:

  • 48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай - Казума Аратаке (Жапония)
  • 54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан - Саравут Сукхтет (Тайланд)
  • 57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов - Лундаа Гантумур (Моңғолия)
  • 67 келіге дейін: Дулат Бекбауов - Шухрат Саломатов (Тәжікстан)
  • 71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов - Шохобжон Шукуров (Тәжікстан)
  • 75 келіге дейін: Диас Молжігітов - Павло Ильюш (Украина)
  • 80 келіге дейін: Ерасыл Жақпеков - Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
  • 86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов - Данило Жасан (Украина)
  • 92 келіге дейін: Сағындық Тоғамбай - Туймяо Лю (Қытай)
  • 92 келіден жоғары: Айбек Оралбай - Джаҳонгир Зокиров (Өзбекстан).

Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының бес боксшысы финалға шыққанын хабарлаған болатынбыз

Оқи отырыңыз: Шавкат Рахмонов UFC турниріндегі жеңісі үшін қанша ақша алады