Батыр палуан: грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында турнир өтті

Алатау аудандық турнирге 200-ден астам жас спортшы қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында «Батыр палуан» турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл жарыс «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтіп, жастарға құқықтық тәрбие берудің тиімді құралына айналды. Жас палуандар өзара мықтыны анықтап қана қоймай, ұлттық спортты насихаттау мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты. Салмақ дәрежелері бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздарға марапаттар табысталды.

«Іс шараның мақсаты – жасөспірімдердің мемлекетімізге, елімізге, отанымызға деген патриоттық сезімін ояту, олардың құқық сауатын арттыру», – деді Алатау ауданының прокуроры Бауыржан Молдажан.

Аудандық турнирге 200-ден астам жас спортшы қатысты. Жарыс барысында қатысушылар өз шеберлігін көрсетті. Турнир аясында нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бастама бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа баулуға ықпал етті.

«Іс-шарамыз жастар саясаты басқармасының және Алатау ауданы прокуратурасының қолдауымен өтіп жатыр. «Заң мен тәртіп» акциясы аясында салауатты өмір салтын және де тәртіпті сақтау, тәртіпсіздіктің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстар да жүргізілді», – деді қоғамдық қордың үйлестірушісі Дамир Дәркенбай.  

Оқи отырыңыз: Ауыр атлетика: жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды

Новости партнеров