Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған
Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің ширек финалында дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова жеңіліс тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетелік, Әбиба Әбужақынова өнер көрсететін 48 келіге дейінгі салмақта барлығы тоғыз спортшы белдеседі. Қазақстандық спортшы турнирді бірден ширек финалдан бастаған.
"Бұл раундта ол ресейлік Марина Воробьеваға қарсы тұрды. Жекпе-жек қарсыластың мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды", - делінген хабарламада.
Әбужақынова енді жұбаныш айналымында шаршы алаңға шығады.
Оқи отырыңыз: Grand Slam турнирі: қазақстандық дзюдошы жартылай финалға шықты