Жылдам шахматтан әлем чемпионаты Катар астанасы Доха қаласында өтті. Жалпы кезеңде әйелдер әрқайсысы 15 партиядан ойнады. Бибисара Асаубаева 11 ұпай жинап, тағы төрт шахматшымен бірге көшбасшылар тобына кіріп, плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Чжу Цзиньэрді мерзімінен бұрын 3:0 есебімен жеңді. Ал шешуші кездесуде украиналық Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен ұтты.
Осылайша Бибисара Асаубаева блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атанған тарихтағы екінші шахматшы болды. Бұған дейін бұл жетістікке ресейлік-украиналық шахматшы Екатерина Лагно қол жеткізген. Тараз қаласының 21 жастағы тумасы бұл атақты бұған дейін 2021 және 2022 жылдары жеңіп алған.
Оқи отырыңыз: 2025 жылы Қазақстан спортшылары қандай жетістіктерге қол жеткізді