U19 жас санатындағы жүлделер сарапқа салынды
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, бүгін, 16 шілдеде күндізгі сессияда U19 жас санатында жүлделер сарапқа салынды. Нәтижесінде қазақстандықтар екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды.
Сондай-ақ:
Осылайша, Қазақстан U19 жас санатында бес алтын, төрт күміс, және үш қола медальмен жарысты аяқтады.
Бұған дейін, Камила Оспанова (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін) және Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) алтын алса, Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) қола медаль алған еді.
Айта кетейік, кешкі сессияда U23 жас санатында ерлер арасында ақтық бәсекелер өтеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда әлемдік компанияның шетелдегі алғашқы робот зауыты салынады