Қазақстандық команданың намысын 13 боксшы қорғады
Қазақстан құрамасы Дубайда өткен бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы өнерін алты түрлі жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде қазақстандық команданың намысын 13 боксшы қорғады. Кейбір спортшылар жүлдесіз қалғанымен, құрама бірнеше салмақ дәрежесінде тұғырға көтеріліп, айтарлықтай нәтиже көрсете алды.
Әлем чемпионатында алтын медальді:
Күміс жүлдені Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) жеңіп алды.
Қола медальдарға Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін) пен Ертуған Зейноллинов (63,5 келіге дейін) қол жеткізді.
Ал Даниял Сабит (51 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатали Төлтаев (67 келі), Ерасыл Жақпеков (81 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нұрмағамед Юсупов (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) бұл турнирді жүлдесіз аяқтады.
Осылайша, Қазақстан құрамасының бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатындағы қорытынды нәтижесі — алты медаль, оның ішінде үш алтын жүлде бар.
Оқи отырыңыз: Конькимен жүгіру: Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды