Конькимен жүгіру: Надежда Морозова әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
Depositphotos.com
Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап
Спортшы 1500 метр қашықтықта мәреге екінші болып жетті. Морозова бұл қашықтықты 1:54.98 уақыт көрсеткішімен еңсерді.
Бірінші орынды жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:54.95. Қола жүлде норвегиялық Рагне Виклундқа бұйырды - 1:55.18.
Осы бағдарлама түрінде Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева сегізінші нәтиже көрсетті - 1:56.84.
Оқи отырыңыз: Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37