Даңқты спортшы Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті қызметін атқарған
ҚР Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыханов Азия күрес федерациясы (UWW Asia) президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы спорт журналисі Назерке Сұлтанбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
«2017 жылы Нью-Делидегі Азия чемпионатында Дәулет аға президент болып сайланғанда өзім сол жерде болып, барлық қазақ қуанып, құттықтағанымыз есімде. Тіпті аз уақыт Азия күрес федерациясында жұмыс істегенім де бар. Осы жеңіс біз үшін отандық күрестегі бір өзгеріске, серпіліске үміт сыйлағандай болған еді. Одан бері Дәулет Тұрлыханов екі мерзім (8 жыл) осы қызметті атқарды. Бүгін Аммандағы (Иордания) Азия чемпионаты басталарда Бас ассамблея өтіп, жаңа президент сайланды» – деді Назерке Сұлтанбек.
Айта кетейік, даңқты спортшы Дәулет Тұрлыханов – Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті. Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты қызметін де атқарады.
Оқи отырыңыз: Грекияда өткен халықаралық жарыста Қазақстан гимнастары 9 алтын алды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!