Тартысқа толы жарыста күтпеген нәтижелер болды
Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты алғашқы жарыс күнінің қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Тартысқа толы жарыста күтпеген нәтижелер болды.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаев Талғат Орынбасарға есе жіберіп, жүлдесіз қалды.
Ал финалда қостанайлық Нұрәділ Әлжан 2023 жылы Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы Мағжан Шамшадинді қылқындыру әдісімен жеңіп кетті.
Сондай-ақ, 66 келіге дейін салмақта биыл Загребте өткен Гран-при додасында үздік атанған Жанарыс Рахметқали жарыс жолынан ерте шығып қалды.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, өз салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Әйелдер
-48 келі:
1. Диана Буркеева (Жетісу облысы), 2. Сабина Юлдашбекова (Шымкент), 3.Зарина Хуснадин (Алматы), 3. Аружан Данайбек (Жамбыл облысы).
-52 келі:
1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы), 2. Аружан Ережепова (Алматы облысы), 3. Құндыз Жылқыбай (Қызылорда облысы), 3. Шара Шугаева (Алматы).
Ерлер
-60 келі:
1. Нұрәділ Әлжан (Қостанай облысы), 2. Мағжан Шамшадин (Қызылорда облысы), 3. Нұргелді Қанат (Маңғыстау облысы), 3. Алдияр Қарғұлов (Қарағанды облысы).
-66 келі:
1. Ержан Еренқайыпов (Астана), 2. Ердаулет Бозжа (Қызылорда облысы), 3. Бауыржан Нарбаев (Маңғыстау облысы), 3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы).
Айта кетейік, Ақтөбедегі Қазақстан чемпионаты сенбі және жексенбі күндері жалғасады.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан чемпионат сенсациямен басталды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!