Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жартылай финалға өтті
https://t.me/DRSQazaqstan
Ұлттық құрама Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде командалық бәсекелер өтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Туризм және спорт министрлігіі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жартылай финал жолдамасы үшін таласқа түскен Ұлттық құрама жарыс қожайындары – Қытай құрамасын 4:2 есебімен жеңді.
"Команда сапында Есет Қуанов, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Айбол Нысанәлі, Ғалымжан Қырықбай өнер көрсетті", - делінген хабарламада.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Корея – БАӘ жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық екі дзюдошы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06