Елдің үздік мергендері бас қосты: Алматыда маусымның қорытынды додасы өтіп жатыр
Жарыс 14 қазанға дейін жалғасады
Алматыда садақ атудан Қазақстан кубогының ақтық кезеңі басталды. Маусымның қорытынды додасында елдің үздік мергендері бас жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жарыс 14 қазанға дейін жалғасады. Іріктеу кезеңінен өткен спортшылар олимпиадалық жүйе бойынша жартылай финал және шешуші бәсекеде өзара үздікті анықтайды.
«Іріктелген 8 спортшы әр категорияға бөлініп, жарысқа қатысып отыр. 64 спортшы финалдық кезеңде. Екінші кезең, ҚР Лигасы бар. Кубоктың жас ерекшеліктері ересектер және жасөспірімдер арасында бөлінеді. Финалдық кезеңде жеңімпаздарға ҚР Министрлік медалі мен дипломы және федерацияның атынан жүлде қоры беріледі», – деді ҚР Садақ ату федерациясының атқарушы директоры Еділ Темірбеков.
«Бұл - өте тартысты жарыс. Алдымен кубоктың үш кезеңіне қатысамыз, ал төртіншісі – финал. Әрине, біз үшін өте маңызды дода. Сәтті өнер көрсетеміз деп үміттенеміз», – деді садақ атудан ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі Роксана Юнусова.
Оқи отырыңыз: Студенттер лигасы: Алматыда жаңа маусымы басталды