Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол осы уақытқа дейін бірінші орында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенконы басып озды. Отандасымыздың рейтингте жоғары көтерілуіне US Open турниріндегі нәтижесі себеп болды. Қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, маңызды ұпайларға ие болды. Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстан тарихында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген алғашқы теннисші атанды.
«Бұл – үлкен жетістік. Бәріміз күттік, сендік деп айтуға болады. Себебі Елена көптеген жыл бойы мақсат қойды, жолы ұзақ болды деп айтуға да болады. Тарихи жеңіс құтты болсын!» – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады