Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

26.10.2024 10:47

Қыздар жастар арасындағы халықаралық жарыста қарсыластарына есе жіберді

instagram.com/kazwrestling_official

Күрестен Қазақстан әйелдер құрамасы Тиранада (Албания) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында жүлде ала алмады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Зейнеп Баянованың жүлдеге соңғы мүмкіндігі болған еді. Ол 53 келі салмақта үшінші орын үшін моңғолиялық Отгонтуя Чинболдпен белдесті.

«Кездесу қарсыластың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды», - делінген хабарламада.

Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Сондай-ақ Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, Лаура Ғаниқызы және Алина Ертөстік те әлем чемпионатында (U23) қола жүлде үшін белдесулерде есе жіберіп, халықаралық жарысты V орынмен аяқтады.

Оқи отырыңыз: Жүлде қоры 23 млн теңгені құрайды: Алматыда шахматтан жарыс өтеді