Қазақстан мен Жапония дәстүрлі жекпе-жек өнері бойынша ынтымақтастықты күшейтпек
Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз спорт саласындағы ықпалдастықты өркендетуге, ең әуелі жапонның дзюдо, сумо және кэндо секілді дәстүрлі жекпе-жек өнер түрлерін дәріптеуге әзірміз.
Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды. Бұрнағы күні мен қазақтан шыққан белгілі сумошы Кимбозан Харукимен (Ерсін Балтағұл) таныстым.
Тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз алдағы уақытта да халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға қызмет ете береді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөйлеген сөзінде.
Оқи отырыңыз: Жапониямен туризмді дамыту: Президент Орталық Азия елдері үшін визаны жеңілдетуді ұсынды