Қазақстан боксшылары әлем кубогының екінші кезеңін сәтті бастады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

15 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясындағы бокстан әлем кубогының екінші кезеңі басталды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шықты.

Серік Теміржанов (60 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Германия өкілі Денис Брильден басым түсті. Сондай-ақ Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) Қытай боксшысы Ван Сяобаоны жеңіп, келесі айналымға сенімді түрде жолдама алды.

ҚР ҰОК мәліметінше, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичэні үш рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Ал 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде АҚШ өкілі Наджай Райтты жеңді.

Әйелдер арасында Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Ирландия боксшысы Клиона Дарсиді мерзімінен бұрын жеңді. Ал Наталья Богданова (75 келіге дейін) Қытай спортшысы Бао Цзыиге есе жіберіп, Әлем кубогы кезеңіндегі жарысын аяқтады.

Оқи отырыңыз:  Жазда Қазақстанда қандай ірі халықаралық жарыстар өтеді

Новости партнеров