Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында екі алтын медаль алды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Въетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды,деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттың олимпиада комитетінің хабарлауынша, алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматы тауында үш күн бойы жоғалып кеткен турист аман табылды

Новости партнеров