Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы алтынды жеңіп алды
t.me/olympickz
Эстонияда өтіп жатқан турнирде Валат Мусаев үздік шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан құрамасы Таллинде (Эстония) өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқу атудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Валат Мусаев алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 10 метрден қозғалмалы нысанаға оқ атудан (аралас жаттығу) үздік нәтиже көрсетті.
Ал Оңтүстік Корея өкілі Чэхён Бэ екінші орын алса, финляндиялық Уильям Эрик Вилькман үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 26 шілдеде аяқталады.
Оқи отырыңыз: Халықаралық экономика олимпиадасының жүлдегерлері елге оралды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40