Қазақстан секіру дисциплинасынан Азия чемпионатын қалай аяқтады

t.me/olympickz
t.me/olympickz

Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, құрлықтық додада Қазақстан құрамасы сапында бес спортшы бақ сынады.

Ұлттық құрама сапындағы ең үздік нәтижені Елизавета Матвеева көрсетті. Ол биіктікке секіруден 180 см нәтижемен қола медаль жеңіп алды.

Осы сында Надежда Дубовицкая 175 см көрсеткішпен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Мария Ефремова үш қарғып секіруден 13,32 м нәтижемен бесінші орын иеленді.

Сырықпен секіруден Полина Иванова да 4,10 м көрсеткішпен жарысты бесінші болып аяқтады.

Ал ұзындыққа секіруден сынға түскен Анастасия Рыпакова қорытынды хаттамада 12-орынға жайғасты (5,52 м).

"Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бір қола медальмен сегізінші орын алды", - делінген хабарламада.

Көш басында Қытай құрамасы тұр (5 алтын, 4 күміс, 3 қола).

Өзбекстан екінші орынға ие болса (2 алтын, 1 күміс), Қатар құрамасы үздік үштікті түйіндеді (1 алтын).

Оқи отырыңыз: Аса маңызды кезең: Ерлан Қарин Парламент қабылдаған конституциялық 6 заң туралы

Новости партнеров