Қазақстандық жас дзюдошылар Азия татамиінде топ жарды
Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрама аталған бәсекеде бес алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
Айнара Сейітжанова (48 келіге дейін), Нұрбала Зайнул (52 келіге дейін), Ролан Қайырғали (66 келіге дейін), Гүлсезім Тұрлыбек (78 келіге дейін), Санжар Ерұланұлы (100 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Ал Дамеля Асылханова (63 келіге дейін), Ерасыл Ержанов (66 келіге дейін), Мұхамедали Закиров (73 келіге дейін), Руслана Махатова (78 келіден жоғары) күміс медальға ие болды.
Айзат Наукенова (48 келіге дейін), Айдана Абиханова (63 келіге дейін), Шынар Бітімбай (70 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда онлайн-казино ұйымдастырған халықаралық қылмыстық топ ұсталды