Референдумға дейін:
13
күн
16
сағат
49
минут

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатындағы екінші алтын медалін жеңіп алды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Нора Джеруто жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық семсерлесуші әлем кубогында алтын медаль алды

Новости партнеров