Турнир Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатыр
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық олимпиада комитетінен хабарлағандай, Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмұтова жарыста жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түссе, Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрай Бауржанова, Рита Бакишева (49 келіге дейін) және Азим Ниязов (63 келіге дейін) қола жүлдеге ие болған еді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда ауылдық жерлердегі қоқыс шығару жүйесі жаңартылады