Алдын ала болжам бойынша, бюджетке 2-3 миллиард теңге түсуі мүмкін
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матчқа төрт мыңнан астам шетелдік турист келеді. Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, нақты деректер ойын аяқталғаннан кейін жарияланады. Алдын ала болжам бойынша, бюджетке 2-3 миллиард теңге түсуі мүмкін.
«Туристерді қабылдауға Алматы қаласы, оның инфрастурктурасы, қонақ үйлері дайын. Backstreet Boys, Дженнифер Лопестің концертін де өткіздік. Қанша турис келеді, бюджетке қосқан үлесін кейіндеу айтамыз», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Оқи отырыңыз: «Қайрат» — «Реал Мадрид» кездесуінде кімдер төрешілік етеді