«Қайрат» — «Реал Мадрид» кездесуінде кімдер төрешілік етеді

Almaty.tv
Almaty.tv

29 қыркүйекте «Реал Мадрид» Алматыға келді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) командалары арасындағы кездесуде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.
Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталады.

Айта кетсек, 29 қыркүйекте «Реал Мадрид» Алматы қаласына келді.

Бас бапкер Хави Алонсо бұл кездесуде тәжірибелі футболшыларға сенім артатынын білдірді. Олардың қатарында Тибо Куртуа, Джуд Килиан Мбаппе, Беллингем, Винисиус Жуниор сынды жұлдыздар бар.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;
Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;
Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: "Жанкүйер сенімін ақтауға тырысамыз": бас бапкер Алматыда өтетін тарихи ойын туралы

 

Новости партнеров