Қазақстандық теннисші халықаралық турнирде екінші рет қатарынан топ жарды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Жібек Құламбаева WTA 125 турнирлерінде қатарынан екінші рет чемпион атанды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұптық сында отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті.

Финалда Құламбаева мен Эрьявец украиналық Валерия Страховая және ресейлік Анастасия Тихоновамен кездесті. Қазақстандық-словениялық жұп қарсыластарынан екі сетте 6:4, 6:3 есебімен басым түсті.

Турнир барысында Құламбаева мен Эрьявец түркиялық Ипек Өз бен грекиялық Деспина Папамихаилді де жеңді. Ал жартылай финалда австралиялық Теника Макгиффин мен Александра Осборннан басым түсті.

Айта кетейік, бұл – Жібек Құламбаеваның WTA 125 турнирлеріндегі қатарынан екінші чемпиондық атағы. Бір апта бұрын ол Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияның Сопо қаласында өткен жарыста да жеңімпаз атанған еді.