Психолог жасанды интеллектке тәуелділіктің белгілерін атады
Жасанды интеллектпен ұзақ сөйлесу адамның шынайы қарым-қатынастан алыстауына әсер етуі мүмкін
Психология ғылымдарының кандидаты, доцент, тәжірибелі психолог Елена Скрипачёва жасанды интеллектпен шамадан тыс «қарым-қатынас жасау» адамның оған тәуелді болуына әкелуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv RT сайтына сілтеме жасап.
«Әсіресе жалғызбасты адамдарда мұндай жағдай анық байқалуы мүмкін. Оның белгілері қандай? Адам күн сайын дерлік жасанды интеллектпен ұзақ уақыт сөйлесіп, одан ажырай алмайтын жағдайға жетеді. Тірі адамдардың қарым-қатынасы оны тітіркендіре бастайды. Сондай-ақ сынға бұрынғыдай жауап бермейді. Нейрожелілер әдетте адамды мақтап, “Жарайсың!” деп қолдау білдіреді. Сондықтан уақыт өте келе адам сынға әлдеқайда өткір реакция танытуы мүмкін», – деп түсіндірді психолог.
Оның айтуынша, мұндай жағдайдан адам өз ерік-жігерінің күшімен өздігінен шыға алады. Алайда мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі.
«Әсіресе жалғыздықта жүрген адамдар нейрожелілерге тәуелді болып қалуы мүмкін. Сондықтан бірден маманға жүгінген дұрыс. Мәселе адамның қарым-қатынас орнату дағдысында. Егер мұндай қиындықтар нейрожеліге тәуелді болғанға дейін де болса, кейін ол жасанды интеллектпен сөйлесіп, одан үнемі мақтау естиді. Сөйтіп, біртіндеп иллюзиялық әлемде өмір сүре бастайды. Сондықтан мұндай жағдайда міндетті түрде маманның көмегіне жүгіну қажет», – деп түйіндеді Скрипачёва.