Қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасында үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ke сілтеме жасап.
Жұптық сында отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олар Үндістан құрамасының өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қанжығасына байлады.
Финалға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі. Бұл матч 26 қарашаға жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігінің қызметкері самбодан әлем чемпионы атанды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
25.11.2026 09:40
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
25.11.2026 10:20