Әлем кубогінің финалдық кезеңінде қазақстандық төрт мерген бақ сынайды

elements.envato.com
elements.envato.com

Қатысушылар тізімінде әлемдік рейтингте жоғары орында тұрған мергендер шақыртылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Делиде (Үндістан) спорттық атудан Әлем кубогінің финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Беделді турнирге қатысуға төрт қазақстандық спортшы шақырту алған. 

Оқпен атудан Никита Чирюкин және Константин Малиновский қатысады. Ал Мария Дмитриенко мен Әсем Орынбай стенд атудан жүлдеге таласады. 

Айта кетелік, Әлем кубогінің финалдық кезеңіне әр спортшы қатыса бермейді.

Қатысушылар тізімінде Олимпиада жүлдегерлері, былтырғы әлем кубогінің жеңімпаздары, әлемдік рейтингте жоғары орындарда тұрған мергендер қатыспақ. Одан бөлек турнирге арнайы шақырту бойынша қатысуға болады.

Дереккөз: Olympic.kz.

Оқи отырыңыз: ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдады

Новости партнеров