Құрлық додасына Қытай мен Солтүстік Корея қатысқан жоқ
Катар астанасы Дохада ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Барлығы 12 алтын медаль иеленген Қазақстан жастары командалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кету керек, құрлықтық додаға Азияның мықтылары саналатын Қытай мен Солтүстік Корея құрамалары қатысқан жоқ. Тиісінше, Өзбекстан ауыратлеттері 10 алтынмен екінші орынды иеленсе, үздік үштікті Вьетнам жастары түйіндеді, олардың еншісінде 9 алтын медаль бар.
Ал жасөспірімдер арасындағы сайыста Қазақстан құрамасы 8 алтынмен жарысты төртінші болып аяқтады. Бұл жас санатында Вьетнам – бірінші, Таиланд – екінші, Түрікменстан үшінші орынды иеленді.
Жастар арасында медальдар кестесі:
Жасөспірімдер арасындағы медальдар кестесі:
Оқи отырыңыз: Қазақстандық үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!