Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

30.07.2025 14:31

Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі

Аlmaty.tv

Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап

Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.

«Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.

Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз сатып алған