Айбота Ертайқызы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

18.05.2025 11:56

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Сингапурда өтіп жатыр

Аlmaty.tv

Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті», - делінген хабарламада.

Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық гимнаст Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды