Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты алдында Венгрия құрамасын жеңді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ұлттық құрама венгриялықтармен ойнады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шайбалы хоккейден Венгрияда өтетін әлем чемпионатының алдында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық құрама венгриялықтармен ойнады. Бірінші кезеңде-ақ есеп ашылды — Александр Симахин шайбаны қақпаға дәл бағыттады. Артынша Леонид Шакенов есепті еселеп, Қазақстанның басымдығын нығайтты.

Екінші кезең 4:1 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Аристарх Киреев пен Бексұлтан Мақыш мергендік танытты. Үшінші кезеңде тағы екі гол соғылды. Бұл жолы Әлішер Сәркенов пен Святослав Евплов бір-бір шайбадан соқты.

«Нәтижесінде матч 6:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты (IA дивизионы) 20-26 сәуір аралығында өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Новости партнеров