Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

t.me/olimpicgames_Kazteamfan
t.me/olimpicgames_Kazteamfan

Әділбек Мусин жүзуден жеке сайыста үздік нәтижеге қол жеткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа қашықтыққа жүзуден сынға түскен Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, спортшы баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықты 50.55 секундта өтіп, жеке сайыста үздік нәтижеге қол жеткізді.

"Әділбек Мусиннің бұл нәтижесі Қазақстанның жаңа рекорды саналады, дегенмен ол 26-орынға жайғасты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы сайысқа қатысқан тағы бір қазақстандық спортшы Максим Сказобцов ерлер арасында 34-орынға тұрақтап, 51.50 секунд нәтижесін көрсетті.

Әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метр қашықтықты 59.22 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға ие болды.

Оқи отырыңыз: Азия чемпионаты: IBA өзбек боксшысына кеткен "алтынды" Абылайхан Жүсіповке қайтарды

Новости партнеров