Қазақстандық спортшы мәнерлеп сырғанаудан әлемдік рейтингте көтерілді

10.10.2024 16:29

Михаил Шайдоров 13-орыннан 11-орынға көтерілген

Фото: Instagram/mikhail_shaidorov

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасынің өкілі Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте көтерілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үздіктер тізімі жаңарғаннан кейін спортшы 13-орыннан 11-орынға көтерілген.

«Бұған оның жуырда Астанада өткен Денис Тен мемориалындағы жеңісі сеп болды. Алтын жүлде оған 300 ұпай әкелді», - делінген хабарламада.

Рейтинг көшін америкалық Илья Малинин бастап тұр. Екінші орынға франциялық Сяо Хим Фа жайғасқан. Үшінші орында Као Миура тұр.

Оқи отырыңыз: Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен кездеседі