Денис Евсеев ATP Live рейтингісінде 204-сатыға көтеріліп тұр
Қазақстандық, әлемнің 218-ракеткасы Денис Евсеев Хельсинки (Финляндия) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің – 96, осы жарыстың 3-ракеткасы, корт иесі Отто Виртаненмен шеберлік байқасты.
"Д. Евсеев сенсация жасап, азулы қарсыласын 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 22 минутқа созылған матчта ол 6 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Виртанен 3 эйс, 1 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады", - делінген хабарламада.
Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 102-ракеткасы, италиялық Люка Нардимен таласады. Ол ширек финалда рейтингіде 185-орындағы ұлыбританиялық Ян Чоинскийден басым түсті – 6:4, 6:3.
Қазақстандық теннисші қазіргі сәтте ATP Live рейтингісінде 204-сатыға көтеріліп тұр.
Оқи отырыңыз: Бибісара Асаубаева халықаралық Гран-при турнирінің қола жүлдесін иеленді