Хамза Шираз WBO титулынан бас тартты

Depositphotos
Depositphotos

Ол Жәнібек Әлімханұлына қарсы титулды қорғаудан бас тартып, WBO чемпиондық белбеуін өз еркімен босатты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британиялық боксшы Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан ресми түрде бас тартты, деп хабарлайды Almaty.tv.тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап...

Queensberry Promotions промоутерлік компаниясы WBO басшылығына Шираздың міндетті үміткер мәртебесіне ие қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қарсы титулды қорғау жекпе-жегінен бас тартатынын жеткізген.

Промоутерлік сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленген шарттармен танысқаннан кейін британиялық спортшы чемпиондық белбеуді өзі тапсыру туралы шешім қабылдады.

«WBO Хамза Шираз бен оның командасы қабылдаған шешімді, сондай-ақ боксшылардың өз кәсіби мансабына қатысты мүдделеріне сай келетін қадамдар жасау құқығын мойындайды әрі құрметтейді», — делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы ұйымның толыққанды әлем чемпионы титулын иеленуге басты үміткер болып қала береді.