30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық «Қайрат» Орталық стадионда «Реалды» қабылдайды
Әлемнің ең атақты футбол клубы «Реал Мадрид» Алматыға келді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әуежайдан ойыншыларды жүздеген жанкүйер күтіп алды. Мбаппе бастаған алыптар испаниялық клубтың жейдесін ұстаған жас балаларға қолтаңба қалдырып, бірден қонақ үйге аттанды. Отель алдында да жұлдызды ойыншыларды халық күтіп тұрды. Сегіз сағаттық жолдан шаршаса керек, олар көп кідірмей ішке кіріп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында алматылық «Қайрат» Орталық стадионда «Реалды» қабылдайды. Ойын Астана уақытымен сағат 21:45-те басталады.
Ал 29 қыркүйекте сағат 18:00-де Хави Алонсе баптайтын жігіттер Алматыдағы алғашқы жаттығуын өткізеді.
Оқи отырыңыз: «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матчқа қанша турист келеді