Жекпе-жек 8 раундқа созылды
16 қарашаға қараған түні Арлингтонда (АҚШ) бокс кеші өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Кештің басты жекпе-жегінде аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон мен видеоблогер Джейк Пол арасындағы жекпе-жек болды.
Жекпе-жек 8 раундқа созылып, төрешілер шешімімен Джейк Пол жеңіске жетті (80-72, 79-73, 79-73).
Осылайша, 58 жастағы Тайсон спорттық мансабында 50 жеңіске жетіп, 7 рет жеңіліске ұшырады. 27 жастағы Пол 12 жекпе-жекте 11 жеңіске жеткен.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде дзюдодан өтіп жатқан чемпионат сенсациямен басталды