Байрақты бәсекеге спортшы Қазақстан атынан қатысып жатыр
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды.
Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.
«Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр», - делінген хабарламада.
Жарыстың көшбасшысы - жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында - Шун Сато (Жапония) - 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.
Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.
Оқи отырыңыз: Ербол Сыпатаевты еске алу турнирінде балуандар бақ сынады