Референдумға дейін:
22
күн
7
сағат
43
минут

Олимпиада ойындары: Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа енді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Спортшы жеке рекордын жаңартты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғады.

Қысқа бағдарламадан кейін мәнерлеп сырғанаушы 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы оныншы орынға ие болды.

Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) иеленді - 224.90 ұпай. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоровтың костюмі Олимпиада ойындарының мұражайына қойылады - Сәкен Жақсыбаев

Новости партнеров