Павлодарда волейболшы қызды ұрған бапкер жұмыстан қуылды

27.10.2026 18:57

Павлодарда волейболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасында жарыс өткен

Павлодарда волейболдан Қазақстан біріншілігі кезінде шымкенттік клубтың жаттықтырушысы волейболшы қызға қол көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бапкердің жасөспірімнің бетінен шапалақпен ұрған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.

Ал «Волейбол Кидс» клубының бапкері жұмыстан қуылды.

Айта кетейік, жарыс 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен. Ал жасөспірімге қол көтерген Хамит Мырзабеков аталған клубта 6 жылдан аса жаттықтырушы болып қызмет атқарған

Оқи отырыңыз: Жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылайтын ақпараттық жүйе іске қосылады

Толық көрсету